Skip to content

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ

     1 наурыз – Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сондай-ақ, бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.
 
      Күні кеше Мақтаарал ауданында алғыс айту күніне арналған салтанатты кеш өтті. «Мақтаарал» мәдениет үйінде өткен іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова қатысып, аудан жұртшылығын мерекемен құттықтады.
 
    «Ең алдымен, алғыс айту күні — елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл мереке тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі болса керек. Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық» — деді Алтын Күнтуқызы.
 
       Салтанатты жиында ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Ташева, аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Шахзада Құрбанбаева, аудандық әкелер мектебінің төрағасы Байтен Шадияр және тәжік, өзбек этномәдени орталықтарының төрағалары сөз сөйледі.
 
     Айта кетейік, Мақтаарал ауданында айтулы мерекеге орай кенттер мен елдімекендерде ұлттар достығын нығайтатын түрлі іс-шаралар өткізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *