Skip to content

2024 ЖЫЛЫ МЕКТЕП ПӘНДЕРІ 100 ПАЙЫЗ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТҚА КӨЩІРІЛЕДІ

    2024 жылы мектеп пәндері 100 пайыз электрондық форматқа көшіріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

  «Сонымен қатар виртуалды зертханалар мен геймификация элементтері цифрлық контентке енгізілуде. Электрондық оқулықтар әзірлеу жұмысына еліміздегі 11-ден аса отандық баспалар атсалысты. Пәндерді электрондық оқулықтармен 100 пайыз қамту 2024 жылға жоспарланған. Педагогтер үшін электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану әдістемелері әзірленіп, оқыту жұмыстары басталды», — деді ол.

  Министр электрондық оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылатындығын айтты.

  «Қазіргі күні 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалды. 2023 жылдың басынан бастап Цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылды. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллионға дейін оқушы мен мұғалім қолданып келеді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныптарды қамтитын 50 мыңнан аса бейнесабақ жарияланған», — деді министр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *