Skip to content

ЕКІ МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТҚА ШАҒЫМДАНДЫ

      Осы күнге дейін Конституциялық сотқа келіп түскен өтініштердің жай-күйі туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Sanur.kz.

    Жоғарғы органға барлығы 1856 өтініш келіп түскен, оның 42-сі — сот жаңадан құрылған 2022 жылы жолданған.

    Екі өтініш бойынша соттың нормативтік қаулысы қабылданды.

    306 өтініш қаралып жатыр, 12-сі конституциялық іс жүргізуге қабылданды. 3 арыз алдын ала зерделену үстінде.

   Келіп түскен шағымдардың 23 пайызында құқықтық-нормативтік актілерді немесе оның жекелеген ережелерін заңсыз деп тануды сұраған.

    46 пайызы сот шешімімен келіспейтінін жазады.

   3,6 пайызы ақпараттың қолжетімсіз екеніне шағымданса, 2,3 пайызы — еңбек және зейнетақымен қамту, 1,6 пайызы — қылмыстық атқару жүйесі саласына қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *