Skip to content

ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ИМАМДАР САЯБАҒЫ АШЫЛАДЫ

      Қасиетті Рамазан айында Түркістан қаласында имамдар саябағы ашылады. Бұл туралы Түркістан қаласының бас имамы Мұхаммеджан Жұмадуллаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sanur.kz.

    Жаңа саябақ Рамазан айының алғашқы онкүндігінде пайдалануға берілмек. Онда ислам дінінің кең таралуына үлес қосқан ел азаматтарының есімдері жазылған тақтайшалар орнатылатын болады. Сондай-ақ, олар туралы арнайы кітап жарық көріп, ас беріледі.

   «Көптеген шаруаны халықпен, елмен бірге атқарып келе жатырмыз. Өткен жылғы Рамазан айында ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры арқылы тұрғын үйге мұқтаж отбасыларға 16 үй берілген болатын. Биыл бұл көрсеткішті көбейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар азық-түлікпен қамту да жоспарымызда бар», — деді Мұхаммеджан Жұмадуллаев.

    Қазіргі таңда Түркістан қаласында 33 мешіт, 28 намазхана бар. Одан бөлек, Түркістанға тарту ретінде Өзбекстан елі үлкен мешіттің құрылысын жүргізіп жатыр. Олда жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *