Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Sanur.kz.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 6, 35 теңгеге төмендеп, 1 доллар 448,39 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 29 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 455, 00 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 447 теңге, сатып алу – 451 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 446,5 теңгеден болса, сатып алу – 450
Алматыда Ресей рублі 5,7 – 5,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,73 — 5,78 теңгеден сатылуда.