2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 249 кәсіпорында 11,3 мың жұмыскердің алдында 1,9 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Sanur.kz.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 248 нұсқама беріліп, 31,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
«Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 8,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 1,3 млрд теңге төленді»,-делінген хабарламада.