Skip to content

ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ ӘРІПТЕСТІГІНЕ НЕГІЗДЕЛУГЕ ТИІС — МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ

      Ғылымның жаңа үлгісі мемлекет пен бизнестің әріптестігіне негізделуге тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды Sanur.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

      «Ғылым академиясы Қазақстанды тұрақты әрі жан-жақты дамытуға мол үлес қосады деп сенемін. Елімізді ғылыми-технологиялық жағынан дамытуға қатысты менің негізгі пайымдарым – осы.

      Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: ғылымның жаңа үлгісі мемлекет пен бизнестің әріптестігіне негізделуге тиіс. Осы тәсіл әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Бұл біздің Әділетті Қазақстанды құру жолындағы стратегиялық бағдарымызға толық сай келеді. Елімізде Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан сияқты ғұламалардың жолын қуған ғалымдардың жаңа буыны шығатынына нық сенімдімін», — деп түйді сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *