Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің екінші туры аяқталды, деп хабарлайды Sanur.kz.
Аталған турда Семейдің «Елімай» командасы өз алаңында Астананың «Астана-2» клубын 6:0 есебімен тізе бүктірді. Олар алғашқы турда Оралда жергілікті «Ақжайықпен» 1:1 есебімен тең түскен еді.
Осылайша алғашқы екі турда төрт ұпай еншілеген семейліктер турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Бірінші орында екі ойында да жеңіске жеткен «Ақтөбе-2» командасы келеді. Ақтөбелік клуб екінші турда Алматының «Жас Қыранын» 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Екінші турдағы ойын нәтижелері төмендегіше:
«Жеңіс» (Астана) — «Арыс» (Түркістан облысы) 0:1
«Хан тәңірі» (Алматы) — «Қайрат-Жастар» (Алматы) 1:1
«Қыран» (Шымкент) — «Академия Оңтүстік» (Шымкент) 2:1
«Елімай» (Семей) — «Астана-2» 6:0
«Turkistan» (Түркістан) — «Тараз» 0:5
«Екібастұз» (Павлодар облысы) — «Ақжайык» (Орал) 1:3
«Ақтөбе-2» — «Жас Қыран» (Алматы) 2:1
Енді үшінші тур ойындары 21, 22, 23 сәуір күндері өткізіледі