Skip to content

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖАНАР ЖАҒАР МАЙ ЖЕТКІЛІКТІ

     Негізгі күн көрісі агросектормен тікелей байланысты Жетісай ауданы шаруаларының көктемгі дала жұмыстарына қажетті мөлшердегі жанаржағар май көлемі жеткілікті. Аудан шаруаларына «JOL YRYSY» ЖШС, «Әуезов» ЖК, «РосАзияНефть» ЖШС, «TS Нефтьпродукт» ЖШС арқылы тарату жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sanur.kz.

       Өткен жылдың тиісті мерзімінде 7020 тонна дизель отынын пайдаланған жетісайлық шаруаларға ақпан айына 2080 тонна, наурыз айына 2600 тонна, сәуір айына 1430 тонна, мамыр айына 910 тонна жанар жағар май бөлініп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егістік алқаптарына сәйкес бекітілген. Шаруаларға «JOL YRYSY» ЖШС, «Әуезов» ЖК, «РосАзияНефть» ЖШС, «TS Нефтьпродукт»  ЖШС арқылы талон жүйесімен босатылуда. Сонымен қатар, АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин Жетісай ауданы аумағында орналасқан 45 авто жанар жағар май бекеттерінің 31-інде 190-198 теңге аралығында, ал, АИ-95 және АИ-96 маркалы бензин 205-215 теңге аралығында еркін сатылымда.

Ерқуат Тұрғымбаев – Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы 

 Жалпы биылғы жылдың көктемгі дала жұмыстарына ауданға 7020 тонна жанар — жағар май бөлінген. Бөлінген жанар май аудандағы «JOL YRYSY» ЖШС, «Әуезов» ЖК, «РосАзияНефть» ЖШС, «TS Нефтьпродукт» заправкаларымен таратылады. Шаруаларға талон жүйесі арқылы әр гектарына негізделіп беріледі. Бағасы — 206 теңгеден. 60 пайыздайы алып үлгерді. 4200 тоннаға жуық жанар — жағар май алынды. Июньнің 20-сына дейін тарату жұмыстары жалғасады.

       Жетісай ауданы аумағында аудан әкімінің тапсырмасымен жанар-жағармай бекеттеріндегі шекті бағаларды бақылау бойынша барлық қала, кент, ауылдық округтерде арнайы құрылған мобилді топтар тарапынан меншік иелеріне шекті бағадан асып кеткен жағдайда әкімшілік шаралар қарастырылатыны ескертіліп, түсіндіружұмыстарыжүргізіліп жатыр. Одан бөлек, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген дизель отындарын алуы үшін шаруалар жергілікті жерлердегі әкімдіктерге барып, тиісті құжаттарын көрсетуі арқылы қажетті мөлшердегі жанар жағармайды талон арқылы ала алады.

Роман Пак – шаруа

Солярка субсидный боп тұр. Қолжетімді 206 теңгеден алып жатырмыз. Проблема жоқ ешқандай. Тек құжатын бәрін өткізіп, кеп, талонды алып, алып кете береміз. Қолжетімсіз боп тұрғаны қазір қымбат боп тұр соляркамыз 295 боп тұр ғой коммерческий бағасы. Әкімшілікке барамыз, құжатымызды өткіземіз. Алып жатырмыз айма — ай. Март айынікін алып жатырмыз.

         Айта кетейік, ҚР Энергетика Министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі №140 «Бағаны мемлекеттік реттеу бойынша мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» Бұйрығына сәйкес стационарлық жанармай құю станциялары арқылы мұнай өнімдерін, атап айтқанда АИ-80 маркалы бензиннің литрі 89 теңге, АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин литрі 205 теңге, дизель отыны жазғы жән емаусымаралық кезеңдерде литрі 450 теңге, егер ҚР жүргізуші куәлігін көрсеткен жағдайда 100 литрге дейінгі мөлшерде литріне 295 теңге, ҚР жүккөліктері мен мамандандырылған жеңіл автокөліктерге және автобустарға жүргізуші куәлігі мен қөліктің тіркеу куәлігін көрсеткен жағдайда литріне 295 теңге болып бекітілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *