2021 жылдан бастап Қазақстанда стипендия мөлшері бакалавриат үшін 20%-ға, магистратура және докторантурв үшін 15%-ға артып келеді. Бұл тура Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, стипендия мөлшерінің ұлғаюы 2020 жылғы базалық стипендияның көрсеткішінен есептеледі. Мысалы, бакалавр бойынша шәкіртақы 2020 жылы 26 186 теңге болса, ал 2021 жылы 20% — ға ұлғайып, 31 423 теңге болған (26 186 теңгенің 20%-ы 5237 теңге).
2022 жылы 20% — ға ұлғайтылған стипендия 36 660 теңгені құрады, ал 2023 жылы тиісінше 41 898 теңге болды.
2023 жылы шәкіртақы бакалавр бойынша 20%-ға (36 660 теңгеден 41 898 теңгеге дейін, педагогикалық ғылымдар 58 800 теңгеден 67 200 теңгеге дейін), магистранттар мен докторантураға 15%-ға (86 987 теңгеден 97 024 теңгеге дейін, докторанттарда тиісінше 195 000 теңгеден 217 500 теңгеге дейін) артады.
Бұл ретте шәкіртақы бюджетте базалық сомамен 2020 жылдың көрсеткішімен есептеледі, яғни 2021 жылы 26 186 теңгеден 20%-ға өсті, 2022 жылы 26 186 теңгеден 40%-ға, 2023 жылы 26 186 теңгеден 60%-ға және т.б.
Министрлік мәліметінше, шәкіртақы 2025 жылы 26 186 теңгенің 100% көрсеткішіне немесе стипендияны екі есеге артқан мөлшерінде төленеді.