Қазақстанда құқық қорғаушы-практиктердің тәжірибе алмасу және жемқорлыққа қарсы халықаралық күресті күшейту бойынша кездесуі өтті, деп хабарлайды Sanur.kz Антикорға сілтеме жасап.
Қазақстанда құқық қорғаушы-практиктердің тәжірибе алмасу және жемқорлыққа қарсы халықаралық күресті күшейту бойынша кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикорға сілтеме жасап.
Астанада 25 елден қатысушыларды біріктірген экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) құқық қорғау органдарының жемқорлыққа қарсы желісінің 13-ші отырысы өтті. Тергеушілер, жедел қызметкерлер мен прокурорлар жоғары лауазымды жемқорлықты анықтау және тергеу, заңсыз шығарылған активтерді тәркілеу және қайтару тәжірибесімен бөлісті.
Қазақстан өкілдері Еуропалық Одақ, Ұлыбритания, АҚШ және басқа елдердің әріптестерімен кездесулер өткізді. Отырыстың негізгі тақырыптарының бірі қатарлас қаржылық тергеу жүргізу тәжірибесі және азаматтық тәркілеу құралдарын қолдану (айыптау үкімін шығармай) болды. ЭЫДҰ-ның парақорлық жөніндегі жұмыс тобы елдерінің тәжірибесінен табысты мысалдар қарастырылды. Қазақстан активтерді қайтару бойынша өз тәжірибесін ұсынды. Соңғы 2 жылда мемлекетке шамамен 2 млрд АҚШ доллары сомасына активтер мен ақшалай қаражат қайтарылды. Семинарға қатысушыларға осы бағытта Қазақстан қабылдап жатқан шаралар таныстырылды.
Атап айтқанда, осы жылы қабылданған «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң және жалпыға бірдей декларациялау аясында шенеуніктердің шығыстары мен кірістерін бақылау тетігі (негізсіз байыту үшін жауапкершілік). ЭЫДҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісі әртүрлі елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерін интеграциялау өте маңызды және құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіруге тиіс деген ұстанымды ұстанады, — делінген ақпаратта.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу және активтерді тәркілеу үшін тиімді құралдарды іздеу басым бағыттар болып қала береді. ЭЫДҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық қорғау органдары желісінің негізгі мақсаты жемқорлық істері бойынша жұмыс істейтін құқық қорғау органдарының мамандарына көмек көрсету, жемқорлық құқық бұзушылықтарды тергеудің әлеуетін нығайту және қазіргі заманғы әдістерін зерделеу, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы халықаралық ынтымақтастықты жандандыру болып табылады.