Елімізде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өтеді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сайлау қашан өтетінін айтты.
Биыл алғаш рет аудандар мен облыстың маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау пилоттық режимде өткізіледі. Заңнамаға сәйкес пилоттық өңірлердің тізімін және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауды өткізу күнін белгілеу жөніндегі өкілеттіктер мәслихаттарға бекітілген. Сонымен 17 облыстың мәслихаттары пилоттық режимде сайлау өткізу үшін 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың тізімін бекітті. Оның ішінде 3 қала және 42 аудан бар. Сондай-ақ сайлау өткізу күнін де белгілеп шықты. Мәслихаттар қабылдаған шешімдер негізінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау қараша айының бірінші жексенбісінде, яғни 5 қарашада өтеді, — деді Нұрлан Әбдіров.