Skip to content

«БАЛА ТӘРБИЕСІ – БҮКІЛ ҚОҒАМНЫҢ МІНДЕТІ»: ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

   Елордада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар мен оларды іске асыру» тақырыбында республикалық семинар-кеңесі өтті. Оған жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің 200-ден астам өкілі қатысты. Бағдарламаға сәйкес мектеп оқушыларын тәрбиелеуде мұғалімдер мен уәкілетті органдардың бірыңғай тәсілін қарастыру жоспарланды, деп хабарлайды Sanur.kz.

   Жиынға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өскелең ұрпақты тәрбиелеуде біртұтас жұмысты ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

  «Бала тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті. Барлығымыз біріге отырып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруымыз қажет. Балалардың бойына адами құндылықтарды сіңіріп, мүдделі тараптардың ауызбіршілігін арттыруымыз керек. Бірыңғай білім беру бағдарламасы осы мақсаттарға жетудің тиімді құралдарының біріне айналады», – деді Ғани Бейсембаев.

  Айта кетейік, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар шеңберінде Алтынсарин академиясының психология, тәрбие беру және тұлғаны дамыту орталығының қызметкерлері іс-шараның тәжірибелік бөлігін жүргізді.

  Тапсырмалар жағдайды талдауға арналды және профилактикалық бөлімге қарай бағытталды. Семинарға қатысушылар тәрбие беру үдерісіне әсер ететін әлеуметтік, экономикалық және педагогикалық факторларды анықтады. Сондай-ақ қамтылған жағдайлардың әрқайсысы бойынша өз ұсыныстары мен тілектерін ортаға салды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *