Skip to content

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ БОКСТАН АУДАН ӘКІМНІҢ ЖҮЛДЕСІ САРАПҚА САЛЫНЫП ЖАТЫР

   Түркістан облысы, Келес ауданындағы Қамбарата спорт кешенінде Келес ауданы әкімінің жүлдесіне орайластырылған бокстан кіші жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнир басталды. Ашық біріншілік пен қатар Қамбарата спорт кешенінің тұсауы кесілді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
 
   Салтанатты шараға Келес ауданы әкімнің орынбасары Даурен Сариев және аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев арнайы қатысып, зәулім спорт кешенінің ашылуымен жергілікті спорт сүйер қауымды құттықтап, Республикалық сайысты ашып берді.
 
Келес өлкесінен шыққан саңлақтар еліміздің намысын әлемдік ареналарда қорғап, жоғары белестерден көріне білді. Солардың қатарында Нұржан Сманов, Санжар Ташкенбай сынды азаматтарымызды айта аламыз. Бүгінгі ашылып отырған спорт кешенінде талай келестік бүлдіршіндер спорттың қыр-сырын меңгеріп, ел мерейін үстем етеріне сенімім мол. Сонымен бірге бүгінгі шымылдығын түрген республикалық біріншіліктің қатысушыларына сәттілік серік болып, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспін, – деді аудан әкімінің орынбасары.
 
   Айта кетейік, Келес спорт клубының ұйымдастыруымен жалауын көтерген турнир биылғы жылдың 17-21 қыркүйек күндері аралығында өткізу жоспарланған. Турнир барысында 2010-2011, 2012-2013 жылы туылған Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарымен қатар Шымкент қаласынан және Түркістан облысының аудан, қалаларынан келген жасөспірімдер түрлі салмақ дәрежесінде чемпиондықты сарапқа салады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *