Skip to content

“ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ КЕЛБЕТІ” ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

   “Қауіпсіз қоғамдағы жастардың келбеті” дәл осындай атаумен Жетісай ауданы әкімдігі мен полиция бөлімінің ұйымдастыруымен жастар форумы өтті. Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында өткен жиынға, аймақтағы құқық қоғау қызметкерлері мен елімізге белгілі азаматтар қатысты. Олар жастардың бұзақылықтан алыс болып,білімге құштар болуы еліміз үшін өте маңызды екенін жеткізді, деп хабарлайды Sanur.kz тілішісі.

   Форум барысында аудандық  полиция бөлімінің басшысы,полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков балалар мен жасөспірімдер арасында және оларға жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу, адамның қадір қасиетіне тиіспеу турасында баяндама жасады.

ӘДІЛБЕК САПАРБЕКОВ; ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Полиция департаментінің бастығының атынан және өзімнің атымнан және жеке құрамның атынан жастарға айтарымғауданымызды таза ұстауға ауданымыздың көркіне айналған, мүліктерді бүлдірмеуге, есірткі заттынан аулақ болуға,басқада заң бұзушылықтарға жол бермеуге,спортпен айналасуға, өнермен айналасуға,күніне кем дегенде 15 беттен кітап оқуға себебі кітап жарқын болащаққа жетелейді.

ТОЙСҰЛУ НАРТАЙ; ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ  ҚЫЗМЕТКЕРІ

Бүгін біздің ұйымдастырып жатқан Жетісай аудандық полиция бөлімінің жастар форумы, Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генериал майоры Қабденов Мұрат Талапұлының нұсқауына сәйкес өткізіліп жатыр. Мұндағы басты мақсат осы жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Осы шеңберде біз қазіргі таңда жетісай қаласында орналасқан Құрманбек Жандарбеков драма театрына 500 ге жуық осы ауданның жастарын,және мекеме басшыларын және де білім беру ұяларында қызмет атқаратын жас қызметкерлердің барлығының басын қосып отырмыз. Мұндағы әрине біздегі басты мақсат өскелен ұрпаққа тәрбиелік мәні бар ой қалдыру.

   Келелі жиында  ұрпақ сабақтастығы мен ұлт тәрбиесі жайында театрландырылған көріністер қойылып,аудан өнерпаздары тарапынан концерттік бағдарламалар ұсынылды. Мұндай кездесулер  біз секілді жастарға ынта берері сөзсіз дейді Ғани Мұратбааев атындағы Жетісай гуманитарлық коледжінің студенттері.

БАЛНҰР ОҢАЛОВА; ҒАНИ МҰРАТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ 2 КУРС СТУДЕНТІ

Қауіпсіз қоғамда жастар келбетті атты форумда,жастар өзімізге ұлт жандылықты,отани құндылықты және адами құндылықты үйреніп жатырмыз.Яғни айтқанда бізде бұл форум өтте ауқымды өтіп жатыр. Форум алдағы уақытта жиі болып тұратын болса, біз секілді жалынды жастар патриоттық сезімдері оянып көптеген мемлекеттік жұмысқа белсене кірісетін болады.

  Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылық алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *