Skip to content

ӘЛЕМДІ КІТАП АРҚЫЛЫ ТАНИМЫН!

    Ең көп кітап оқитын балалар бақ сынасты. «Әлемді кітап арқылы танимын» атты  аудандық байқауға  Мақтаарал ауданының 11-17 жас  арасындағы оқырмандар қатысты. Мақсат Ең көп оқитын оқырмандарды анықтау және оларға қолдау көрсету болып табылады, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.       

    Аудандық байқаудың іріктеу кезеңі Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен  өткізілді. Байқауға аудандық және ауылдық кітапхана оқырмандары қатысып жоғары дайындығын көрсетті. Соның бірі Бақытнұр Алайдар. 10 сынып оқушысы 4 сыныптан бастап алғаш рет ертегілер оқудан бастағанын айтады.

БАҚЫТНҰР АЛАЙДАР; ОҚУШЫ

Шетелдерден қазір “Өмірден мән іздеген жан” Виктор Франклидің кітаптарын оқып жатырмын. Осы уақытқа дейін қазақтың әдеби шығармаларынан белгілі “Шұғаның белгісі””Парасат майданы” “Күлпаш” атты туындылар, “Махаббатқа сенуге көмектесіңізші” деген кітаптары бар. Қазақ әдебиет кітаптарынан бөлек мен шетелдіңде кітаптарын оқимын. “Агата Кристин” атты кітаптар бар орысша кітаптар тілді жаттықтыруға, өзге шетелдердің адамдарымен, мәдениетімен танысу үшін оқимын.

   Әлем әдебиетінің үздік шығармалары мен ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды  насихаттау, әлем әдебиет пен поэзияға деген рухани дүниенің құдіретін танытып, өскелең ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру бұл күнгі шараның мақсаты осыған саяды.

БАҚЫТНҰР АЛАЙДАР; ОҚУШЫ

Мен “Әлемді кітап арқылы танимсын” атты байқауға қатысып жатырмын. Атакент ауылдық кітапханасынан келіп отырмын. Тұрақты оқырманымын. Сол жерден қатысып жатырмын. Солардың атынан. Жалпы бұл үш кезеңнен тұрады. Мен бұл сайысқа бір ай бір жарым ай көлемінде дайындалдым.

   Байқау соңында жүлдегерлер анықталып дипломдар табысталды. Ынталандыру алғыс хатымен бағалы силықтар тарту етілді.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *