Skip to content

АҚЫЛДЫ БАЛАҒА – СЫЙЛЫҚҚА “АҚЫЛДЫМ”

    «Ақылды балаға – сыйлыққа  Ақылдым» осындай айдармен Мақтаарал ауданында акция-байқау ұйымдастырылды. Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы және республикалық «Ақылдым» журналы бірлесіп ұйымдастырған шараға 4-7  сынып арасындағы оқырман балалар қатысты, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

    Іс- шараны аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Ташева  және «Ақылдым» балалар журналының құрылтайшысы Бейсенкүл Жақсыбекқызы ашып, қазіргі таңдағы газет-журналдың қоғамдағы ролі туралы айтып, оқырмандарға сәттілік тіледі. Үш кезеңнен тұратын байқауда балалар Ақылдым журналын қай кезден бастап оқып жүргенін және журналға қосар идеяларымен бөлісті.  Ал, екінші кезең бойынша өздері  құрастырып келген ертегісін  сарапшылар алдында қорғап шықты

   Шараның мақсаты  оқырман балаларды кітаппен, балаларға арналған баспасөзбен таныстыра отырып, бала қиялының шарықтауына, өзара диалог құру кезінде сөздік қорының молаюына қолдау көрсету, ертегілер арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Балалардың ой ұшқырлығын, білім тереңдігін кеңейте отырып, көркем сөзге және әдеби шығармашылыққа баулу болып табылады. 

 БЕЙСЕНКҮЛ ЖАҚСЫБЕКҚЫЗЫ “АҚЫЛДЫМ” БАЛАЛАР ЖУРНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ

Осы жерден бір дұрыс нәрсе алып кететін болса сол үлкен жеңіс. Сондай-ақ бүгін бас жүлде алған бала құдай қаласа қазан айында өтетін Фараб кітапханасында байқау бар. Жеңген адам осы Мақтаарал ауданынан намысын қорғайтын болады.

    Байқауғы тыңғылықты дайындалған аудан оқырмандары кітап оқуда ғана емес сахнадағы белсенділігіменде көзге түсті. Қатысушылардың барлығы бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *