Skip to content

ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН АШЫЛДЫ

     Жетісай ауданында “Дәнекер” атты әлеуметтік дүкен өз жұмысын бастады.  халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларын қолдау, тегін киім – кешекпен қамтамасыз ету мақсатында ашылған дүкеннің негізін қалаушылар белгілі кәсіпкерлер. Аталған дүкен аз қамтылған көп балалы,  тұрмысы төмен отбасыларға қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

     Жетісай қаласының сыртында орналасқан Жаз автобекетінің жанында орын тепкен Дәнекер әлеуметтік дүкені қыркүйек айының 19-нан бастап өз жұмысын бастады. Аталған дүкенде кәсіпкерлер тарапынан дайындалған киім – кешек сөрелері даярланған.

МАРАТ АЙНАБЕКОВ; ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл әлеуметтік дүкен біріншіден мұқтаж азаматтардың қажеттілігін өтесек ,екіншіден бұл әлемде кең тараған практика. Мысалы бір затты бір адамнан кейін бірнеше адам пайдаланса бұл экологияғада пайдалы. Өйткені алып тастай беру дінімізде салт – дәстүрімізде де жоқ. Өздеріңіз білесіздер ауылда өстік ағасының киімін інісі киді, інісінің туыс балаларға киігізіп, осындай іс – шара қалыптасқан дәстүр бізде. Енді соны қазіргі заманға сай етіп қалыптастырып, дамыту керек.

     Бұл нысанның жұмысымен танысқан Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Марат Айнабеков  жаңадан ашылған дүкеннің қызметі жайында жергілікті халыққа түсіндіріп, хабардар ету керектігін айтты.


МАРАТ АЙНАБЕКОВ; ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бізде бұл әлеуметтік дүкеннің бір ерекшелігі бұл толығымен кәсіпкерлердің қолддауымен басталынып отыр. Бірақ кәсіпкер аты – жөнін айтпауды сұрады. Енді біз осы барлық аудан кәсіпкерлеріне құлағдар етіп, қайырымдылық шарадан шет қалмауын сұранамыз. Қазақта айтадығой кең болсаң кем болмайсың деп  сол себептенде жұмыла көтерген жүк жеңіл дит сол секілді осы дүкенді жағытрсақ.


ДІЛДӘБЕРГЕН ОМАРША; “ДӘНЕКЕР” ДҮКЕНІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
Көпшіліктің көмегімен жұмыс жасайтын дүкен. Бар дамадар бақуыт адамдар өздерінің қажет емес киім – кешегін, ыдыс – аяғы мен техникалық, жиһаз сынды заттарын осы дүкенге әкеліп өткізсе болады. Зат әкелемін деген кісілер қайырымдылық іске атсалысамын деген азаматтар үшін дүкен күндіз түні жұмысжасайды. Егерде дүкен есігі жабық болған жағдайда әкелген заттарын есіктің алдына қойып кетсе болады. Кейін келіп өзіміз жайғастырып аламыз. Мұнда бәрі тегін, мұқтаж адамадар болса келіп қажетін алып кетсе болады.


     Дүкен иелері мен өкілдері келген жандардың қолын бос қайтарып жатқан жоқ. Киім кешек пен бал өнімінде таратуда. Ал, дүкеннің  ашылғанын естіген тұрғындар керек жарағына қол жеткізіп, балаларын қуантуға асық. Тіпті дүкен иелерінеде алғыстары шексіз.

ҰЛЫҚБЕК ҚАЛАНДАРОВ; ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Біріншіден мына Жетісай әкімдігіне рахмет, осы дүкенді ашып қайырымдылық үлес қосып жатқандарына үлкен рахмет. Бұлда бір үлкен жәрдем рахмет барлығы алланың шапағатына бөленіп жүре берсін.

    Қайырымды іс қайтымды. Пайдаланылған киім-кешектер мен тұрмыстық техникаларды Жетісайлықтар  осы дүкенге әкеліп тапсыра алады. Дүкен аптаның 5 күнінде сағат таңғы 10-нан, кешкі 5-ке дейін жұмыс жасайды. Мұқтаждарға көмек беріп сауапқа кенелейік.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *