Skip to content

ЖЕРЛЕСІМІЗ АЗИАДАДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ   

     Сүйінші хабар!  Жерлесіміз Смайыл Дүйсебай Қытайда өтіп жатқан 19- жазғы Азия ойындарында таеквондодан қола медаль жеңіп алды. Біздің арна тілшілері жүлдегердің үйіне барып, ата  – анасымен тілдесіп, қуанышымен бөлісіп қайтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

Бүгін Смайыл Дүйсебайдың ата  – анасы ұлына теледидар алдында отырып жанкүйер болды. Таңнан бастап көк жәшікке  көз тіккен жүлдегердің әкесі Алтай Сегізбаев ұлының әр қадамын қалт жібермей қарап отырды. Жартылай финалда қытайлық Жаохинг Сенгке есе жіберіп қойған тұста, аздап өкініш те болғанын айтады. Алтыннан дәмелі едік, дегенмен бұл жеңіс те оңайлықпен келген жоқ дейді. һһ

АЛТАЙ СЕГІЗБАЕВ; АЗИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ СМАЙЫЛ ДҮЙСЕБАЙДЫҢ ӘКЕСІ

Бүгін ұлымыз Смайыл Дүйсебай қола медаль жеңіп алды. Өте қуаныштымыз. Финалға шығып, чемпион болса деп үміттенген едік. Бұйырғаны қола медаль болды. Оған да шүкір. Осының өзі оңайлықпен келген жоқ. Түркістан қаласында іріктеуден өтіп, бірінші орын алды. Кореяда сбор болды. Міне, бүгін көк туымызды желбіреттті. Біздің ғана емес, бүкіл Қазақ елінің жеңісі

80 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен смайыл Дүйсебай жартылай финалда қытайлық Жаохинг Сонгке 0-2 есебімен жол беріп, ел қоржынына қола медаль салды. Айта кетейік, бүгінгі таңға дейін қазақстандық спортшылар 3 алтын, 3 күміс, 14 қола жеңіп алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *