Skip to content

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ДАМУДЫҢ ТІРЕГІ

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мақсатында Мақтаарал ауданында кезекті кездесу өтті. Оған ардагерлер, ата-анарар, жастар және мемлекеттік қызметкерлер қатысты, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

Жоспарға сәйкес жолдауды насихаттау мақсатында Түркітсан облыстық ата аналар қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ақбаян Жакипова ауданға арнайы келды. Басқосуда жолдаудың негізгі мән-маңызына, басым бағыттарына тоқталып, ерекше тұстарын саралап өтті.

АҚБАЯН ЖАКИПОВА; ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АТА-АНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ

Зиялы қауым жиналды, үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік қызметшілер, көп балалы аналар жиналды. Соларға жаңа Қазақстандағы экономикалық бағдар атты жолдауды насихаттап түсініктемесін бүгінгі заманның жаңа бағыттарының барлығын талқылап шықтық. Сұрақ жауаптар болды.

Ел Президентінің 1 қыркүйектегі Жолдауы  мемлекетіміздің сан алуан саласын қамтыған, өзіндік жолы айқын, әр қадамы нық, нақты жоспары бар, ел экономикасының мүмкіндіктерінің тамырын талдап халықтың мұң-мұқтажы мен сұранысын ескеріп, су ресурсы, цифрландыру ісі, халықтың әлеуметтік жағдайы мәселелеріне басымдық беріп, еліміздегі креативті экономиканың жан жақты дамуына барлық жағдай жасалды.

АҚБАЯН ЖАКИПОВА; ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АТА-АНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ

Бұрынғыға қарағанда халықтың саяси, құқықтық сауаты жоғарылағаннан кейін адамдарға өте қызық. Иныестиция бойынша, жаңажан ашылып жатқан заводттар бойынша, жұмыс орындардың көбеюі бойынша, халықтың әлеуметтік жағдайы көтерілуі бойынша барлық бағдарламалар оларды өте қызықтыруда. Әрине қуантатын жағдайлар осы МАқтаарал ауданында жаңадан салынып жатқан Дарбаза темір жолы айтылды. Барлығына азамат ретінде қызығып талқылауы бүгінде қуантарлық жайыт.

Өз кезегінде жиынға қатысушылар  сөз алып, ел Президентінің Жолдауындағы жарқын тұстар бойынша ой-пікір алмасып, ел игілігі үшін жасалып жатқан игі істерді қолдауға әркез дайын екендіктерін білдірді. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *