Skip to content

СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ЗЕРТХАНАДА АЛМАЗ БҰРҒЫЛАУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫН ӘЗІРЛЕУДЕ

    Сәтбаев Университеті техника ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Ратов Боранбай Товбасарұлының жетекшілігімен «Алмаз бұрғылау құралдары» ғылыми-өндірістік зертханасында жаңа алмаз коронкалары мен қашауларын жасау процесін бастады. Жаңа бұрғылау құралдарын жасап шығару – металлургия және машина жасау сияқты салаларды біріктіретін күрделі процесс. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғалымдар материалдарды адамның қатысуынсыз өңдеу үшін арнайы жабдық пайдаланады. Сондай-ақ, олар болашақ бұрғылау коронкаларының сапасын арттыру үшін, түрлі технологиялар мен қорытпаларды зерттеу үстінде. Олардың мақсаты – әсіресе қиын жағдайларда тиімдірек және берік болатын бұрғылау құралдарын жасау.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *