Skip to content

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ TIKTOK КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ ШОУ ЧУМЕН КЕЗДЕСТІ

   Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge халықаралық форумы аясында TikTok компаниясының бас директоры Шоу Чумен кездесу өткізді. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Президент елімізде TikTok платформасының танымалдылығы артып келе жатқанын атап өтті. Қазір оған 10 миллионнан астам қазақстандық тіркелген. Бейнеконтент жасауға және қарауға арналған әлемге танымал сервис алғашқылардың бірі болып қосымша интерфейсін қазақ тіліне аударды. Сондай-ақ кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша уәкілін тағайындады.

Өз кезегінде Шоу Чу Astana Hub халықаралық технопаркімен бірлесіп, TikTok StartUp Academy жобасын – қазақстандық стартаптарға арналған эксклюзивті білім беру бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны туралы баяндады. Бұдан бөлек, серіктестік аясында TikTok Startup Valley байқауы өткізілді. Нәтижесінде 200-ден астам стартап өз өнімдерін TikTok арқылы жарнамалау  әдістерін үйрету курсынан өтті.

Кездесу барысында креативті индустрия саласындағы ынтымақтастық, жасанды интеллект бойынша зерттеу жүргізу, электронды сауданы дамыту, сондай-ақ TikTok платформасы арқылы Қазақстанның мәдениеті мен туристік мүмкіндіктерін жаһандық деңгейде насихаттау мәселелері қарастырылды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *