Skip to content

МАҚТАШЫЛАРДЫҢ АУДАНАРАЛЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

    Бүгін Мақтаарал ауданына қарасты А.Қалыбеков ауылдық округінде орналасқан «Али» шаруа қожалығының егістік алқабында Түркия мемлекетінен әкелінген тұқымдық шиттердің өнімділігін таныстыру мақсатында «Берекелі Қырман» атты ауданаралық семинар-кеңес болып өтті, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
Семинарға Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов пен Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов, Жетісай аудандық мәслихатының төрағасы Медет Қасымов, Жетісай, Мақтаарал аудандарының мақта өңдеу зауыттарының басшылары мен мақта дақылын өсурші агроқұрылым басшылары қатысты.
 
Семинарда «Мақталы Агро» ЖШС тарапынан жыл басында Түркия мемлекетінің мақта тұқымын дайындаушы «ProGen Tohum» компаниясының жоғары өнім беретін және тұздылығы жоғары егістік жерлерге төзімді (мақта сорттары ВА1010, Лазер, Эдесса, Каризма, Лима) тұқымдық шиттерін алып келіп, мақта дақылын өсіруші шаруаларға ұсынылған болатын.
 
«Али» шаруа қожалығы басшысы Талғат Әшимов өзінің 40 гектар егістік алқабына түріктің ВА1010 мақта сортын егіп, бүгінгі таңда егістіктің гектарынан 38-40 центнерден өнім алып жатқандығын айтып, шаруаларға келер жылы осы сортты егуге кеңес берді.
 
Облысы мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов қазіргі таңда облыс аумағында мақта дақылының бірнеше сорттарының бақылаусыз егілуінің салдарынан мақта өнімділігінің өсуіне кері әсер етіп жатқанын айтты.
 
“Осыған орай сіздер мақта дақылының сапалы өнім беретін тұқымдық шиттерін таңдап, бізге ұсыныңздар, біздер сол тұқымдық шиттерді мемлекет тарапынан қаржыландыруға ықпал жасайтын боламыз” деді облыстық мәслихаттың төрағасы.
 
«Мақталы Агро» ЖШС мақта өңдеу зауытының басшысы Сержан Тастанбеков бүгінгі таңда Түркия мемлекетінен келген осы тұқымдық шиттерді сатып алған шарулардың өнімін қайта өздеріне өткізген жағдайда нарықтық бағадан 20-25 теңге қымбатына сатып алатынын айтты.
 
Сонымен қатар, семинарда сала мамандары тарапынан отандық және шеттелдік тұқымдарға мемлекет тарапынан түрлі қолдаулардың қарастырылғандығын түсіндірді.
 
Жиын соңында шаруалар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *