Skip to content

ТҮРКІСТАНДА СПОРТШЫ ЖӘНЕ ӨНЕРЛІ ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

      Түркістанда Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің ұйымдастыруымен «Шаттыққа толы шаңырақ» байқауы өтті. Жалпы байқауға облыстың 17 аудан, қаласынан жас отбасылар қатысты. Отбасылар байқаудың алғашқы күні «Толағай» сайысына қатысып, сынға түссе, екінші күні отбасылар өз өнерлерін көрсетті. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Мерекеге орай ұйымдастырылған байқаудың мақсаты – Республика күнін Түркістан облысының жас отбасылары арасында атап өту, отбасылық құндылықтарды, салауатты өмір салтын дәріптеу, ұрпақ тәрбиесінде отбасы мүшелерін өзара түсіністікке, ұйымшылдыққа шақыру.
 
Жарысқа қатысқан барша отбасыға 30 000 теңгеден ынталандыру сыйлығы табысталды. Ал спорттық сайыс нәтижесі бойынша І орын Құлтасовтар отбасына (Бәйдібек ауданы), ІІ орын Бейсенбиевтер отбасына (Сауран ауданы), ІІІ орын Орынбековтар отбасына (Бәйдібек ауданы) бұйырды. Бірінші орынға 500 мың теңге тапсырылса, екінші, үшінші орын иегерлері 300 мың және 200 мың теңгеге ие болды.
 
Өнер сайысында І орын Бейсенбиевтер отбасына (Сауран ауданы), ІІ орын Ахметбековтар отбасы (Төлеби ауданы) мен Тулешовтар отбасына (Отырар ауданы), ІІІ орын Шаянбаевтар отбасы (Түлкібас ауданы) мен Исаевтар отбасына (Ордабасы ауданы) бұйырды. Оларға ақшалай сыйлықтар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *