Skip to content

АУДАН ӘКІМІ НИДЕРЛАНД ЖӘНЕ БАӘ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

      Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында Біріккен Араб Әмірлігі мен Нидерланд елінен келген делегацияны қабылдады, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
Құрамында «Hobyo petroleum and mining company» Нидерланд компаниясының бас директоры Abdinasir Alihaji және Біріккен Араб Әмірлігінен Jasem Mohamed Yousef Motamidi Alobeidli, «Қаршыға» фермерлік қожалығының басшысы Падаш Бахтияр бар делегация ауданның экономикалық әлеуетімен танысып, шаруа қожалықтарының өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін, оның ішінде мақтаны жергілікті жерде қайта өңдеу арқылы дайын өнімдерді тасымалдауды жоспарлап отырғандықтарын жеткізді.
 
Өз кезегінде аудан әкімі Серік Үсенұлы ауданда өндірілетін өнім түрі мен көлемін таныстырып, негізгі дақыл саналатын мақта шикізатынан жіп, мата, киім өндіруді қолға алып экспортқа шығару үшін ауданның мүмкіндіктері зор екенін жеткізді және аудан әкімдігі тарапынан шетелдік инвесторға заң аясында қолдау мен көмек көрсету үшін ықпал етіп тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтып өтті.
 
Кездесуден соң делегация мүшелері Мақталы ауыл округіндегі «Мақталы Агро» ЖШС меншігіндегі мақта зауытының жұмысымен танысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *