Skip to content

ОҚУШЫЛАР ҚОЙЫЛЫМ ТАМАШАЛАДЫ

      Театр – өмір айнасы. Қай қоғамның болмасын ащы шындығын бүкпесіз суреттейтін қойылымдардың адамды дұрыс жолға тәрбиелеуде септігі аз емес.Жетісай аудандық білім бөлімі мен Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрынің ұйымдастыруымен, өңірдегі жоғары сынып оқушылары “Тастамашы анашым” қойылымын тамашалады, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат егенттігінің тілшісі.

Баланы этика, эстетикалық бағытта тәрбиелеуде осындай мәдени шаралардың маңызы зор. Ендеше, осы ұстанымды түзу бағытқа қоя білген мектеп ұжымы дұрыс жолда келе жатыр.Кез-келген адамның бойында кездесуі мүмкін жаман қасиеттердің ізгі амалдардан арасы жер мен көктей екендігіне көз жеткізді. Театр ұжымы қойылым арқылы көрерменге ой салу жағынан ұтса, біз оқушыларымызға рухани азық сыйлап, олардың ой-өрісінің кеңейіп, өсе түсуіне ықпал ете алдық деп ойлаймын, – дейді спектакль соңынан кейін  ойымен бөліскен Жетісай ауданы білім бөлімінің басшысы Ғазиза Шүкірбаева

ҒАЗИЗА ШҮКІРБАЕВА; ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

-Театрға шақырып көрсетудегі мақсатымыз,сіздер өздерңізді қандай бақытты жан екендеріңізді сезінсе,деген оймен жинап өтырмыз.Көрдіңіздер балалар үйінде,небір көріністі мынау актистеріміз мынау Жандарбеков атындағы драма театрдың артістері сіздерге жеткізе алды деп ойлаймын.Сіздер өздеріңіздің бақытты екендеріңізді сезінулеріңіз керек,ата-аналарыңыздың қасында уайым қайғы жоқ,барлық жағдай жасалған,ешқандайда тамақтан кейімнен сіздерде мәселе туындап жатқан жоқ,ата-аналарыңыз үлкен сенім артып жағдайларыңызды жасап мектепке тек білім алсын,тәрбие алсын деп жіберіп отыр.

“Тастамашы анашым” қойылымы қоғамда болып жатқан көріністерді айқын көрсетуімен ерекшеленіп оқушылар көңілінен орын алды.Содан болса керек, оқушылар қойылым аяқталысымен тік тұрып, театр ұжымына ұзақ қошемет көрсетуі,олардың сахнадағы аға-әпкелеріне деген ыстық ықыластарын айтқызбай-ақ дәлелдеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *