Skip to content

С.ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЗАМАНАУИ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

     Ашылған зертхана кешені мұнай-газ саласының және инновациялық технологиялардың қажеттілігіне бағытталған белсенді зерттеулер мен әзірлемелер дайындайды. Зертхана студенттер мен оқытушы-ғалымдарға өз идеяларын жүзеге асыруға, түрлі эксперименттер жүргізуге мүмкіндік береді. Атап айтсақ, бұл жерде 25 білім беру бағдарламасы бойынша 394 зертханалық жұмысты орындауға болады. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

АтМГУ алдағы оқу жылынан бастап «Өнеркәсіптік энергетика» білім беру бағдарламасының барлық тәжірибелік сабағын зертханалық сабаққа ауыстыруды жоспарлап отыр. Бұл қадам тәжірибеге бағытталған оқыту үрдісін технологияландыруға оң ықпал етеді.

«Мұнай-газ индустриясын, өнеркәсіптік энергетиканы дамытуда инновациялар мен озық технологиялар шешуші рөл атқарады. Бұл зертхананың ашылуы – студенттерімізді қазіргі өзгермелі әлем жағдайында ықтимал сын-қатерлерге қарсы тұруға дайындаудағы маңызды қадам.

«Өнеркәсіптік энергетика» зертханасы ең озық технологиялар мен жабдықтармен жабдықталған. Бұл зертхана ТШО компаниясының серіктестерімен ынтымақтастықтың аясында ашылып отыр», – дейді С.Өтебаев атындағы АтМГУ Басқарма Төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *