Skip to content

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ    

      Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Аудандағы 9 ауылдық округ пен, қала, кенттегі тауар өндірушілер өз өнімдерін базар нарқынан 10-15 пайыз арзан бағада ұсынды. Көрші Шардара ауданының диқандары да қауын – қарбызын жәрмеңкеде төмен бағада саудалады, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

Орталық Жеңіс алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеге картоп, қырыққабат, пияз бен сәбіз, болгар бұрышы сынды күнджелікті ас – ауқат даярлауға ең қажет көкөністер ұсынылды. Дәмі тіл үйірер қауын – қарбыз, жемістің сан алуан түрі, күріш те қойылыпты сөрелерге. Бал өсірушілер мен сүт өнімдепрін өндірушілер де оңтайлы сәтті пайдаланып қалуға тырысқан. Жәрмеңкенің е басты артышылығы – бағаның төмендігі. Барлық тауар түрі базар нарқынан арзан саудаланды.

НҰРТАС ТҰРСЫНБЕКОВ, АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

– ауылдық округтерден келген дихандар өздерінің өнімдерін жәрмеңкеге әкеліп қойды. Базар нарқынан 10-15 пайызға арзан. Сондайақ, сүт өнімін өндірушілер де өнімдерін ұсынды. Ауданда сүт өнімдерін өндіретін екі кәсіпорын бар.

Дегенмен де, жәрмеңкеге келушілер ұн мен ет таппадық деп қынжылды. Қара халықтың қалтасына салмақ түсірмейтін осындай шаралар жиі өтіп тұрса деген бұйымтайларын да жеткізді.

ҚҰЛМҰРАТ ҚҰДАЙБЕРДИЕВ, АУДАН ТҰРҒЫНЫ

Бәрі дұрыс. Базардан 30- 40 теңге арзан. Бірақ осындай жәрмеңкелер жиі өтіп тұрса. Әр аптаның жексенбісі немесе санитарный дүйсенбі күні. екіншіден, жәрмеңкеде ұн мен ет жоқ. Арзан ұн мен ет бәріне керек.

Жәрмеңкеге аудан әкімі Серік мамытов арнайы бас сұғып, тауар өндірушілермен тілдесті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *