Skip to content

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНЕ  СЕМИНАР

    “Қосымша білім беру педагогтарының іс-әрекетінің реттеуші құқықтық нормативтік және заңнамалық құжаттар”. Осындай тақырыппен Мақтаарал ауданына қарасты қосымша білім беру педагогтары мен үйірме жетекшілерінің қатысуымен  кең көлемді семинар өткізілді. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мырзакент кентінде орын тепкен Абылайхан атындағы білім беру мекемесінде ұйымдастырылған семинарға   225 жуық  қосымша білім беру педагогтары мен үйірме жетекшілері қатысты. Семинарға Түркістан облысы білім басқармасы   білім беруді дамыту орталығы қосымша білім беру әдіскері Бақтыгүл Бейсеханқызы арнайы келіп   “Қосымша білім беру педагогтарының іс-әрекетін реттеуші құқықтық нормативтік және заңнамалық құжаттарға әдістемелік көмегін көрсетті. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытына сай өткізіліп жатқан үйірмеелрдің барлығын ұлттық негізде ұйымдастырылуы басты талап болып табылады.

БАҚТЫГҮЛ ҚАЙМОЛДАЕВА; ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ӘДІСКЕРІ

Ы.Алтынсарин атындағы академияның нұсқаулық хаты негізінде биылғы жылы 4 тоқсан 4 тақырып болып жатыр. Биылға нұсқаулықтың негізінде ұлттық аспаптар менен домбыраны және шахматты театр өнерін қолға алынып жатыр. Балалардың бізідң болашағымыз. Ұрпақты тәрбиелесек ертеңгі болашағымызды көреміз. Сондықтан баланың қандай болуы бізге байланысты. Педагогтармен ата-ана ертеңгі баланың керемет тұлғалық қасиетін көретін болса, бала ертең ата-ананыңда, педагогтыңда абыройын ақтайды деп ойлаймыз.

Мектеп жалпы білім береді, ол өте  маңызды,  бірақ жеке тұлғаның жан-жақты дамуына,  оның қабілеттерінің ашылуына және ерте кәсіптік бағдар беруге ықпал ететін – ол қосымша білім. Түркістан облысында бүгінде 140 қа жуық үйірме жұмыс жасайды. Осылай деген сала әдіскерлерінің айтуынша Мақтаарал ауданының әр бір мектептерінде 30 ға жуық үйірме бар. Оған 70 пайызға жуық  бала қамтылады. Балалардың еңбегі бірдей жастағы және әр жастағы бірлестіктерде қызығушылықтары бойынша өткізіледі.

ЕРМАХАН ЕСБОЛОВ; МАҚТААРАЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ӘДІСКЕРІ

Ауданымызда 28700 оқушымыз бар. Оған 21 мың оқушымыз қамтылып қазіргі таңда 75 пайызға дейін үйірмеге оқушылар тарту үстіндеміз. 100 пайыз қамти алмаймыз. Өйткені балалардың өзінің ептілігіне байланысты үйірмеге келеді. Мақсат мектептегі оқушылардың құқық бұзушылыққа бейім балаларды және басқада балаларды өнерге бейім балаларды тартамыз. Бұл үйірме көп нәрсені үйретеді. Қолөнер бұйымы, домбыра үйірмесі бар. Жалпы жастарымыз ауданымыздың білім сапасын көтерсе деген мақсатта осы іс-шараны өткізудеміз.

Сапалы ұйымдастырылған қосымша білім балаға ерте жастан  өзін-өзі анықтауға көмектеседі,  толыққанды өмір сүруіне,  өзін-өзі  жүзеге асыруына, әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуіне мүмкіндік береді.     Семинар барысында Мектептің қосымша білім беру педагогтары өз баяндамаларын оқып, қысқа мерзімді жоспарларын қорғап,түрлі  заманауи әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *