Жыл басынан бері Қазақстанда сүт бағасы 20 пайызға өсті, деп хабарлайды Sanur.kz.
Energyprom.kz мамандары 2023 жылғы 1 қарашада биылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша сүт өнімдері 16,1%-ға қымбаттағанын мәлімдеді.
Өңірлер бойынша баға өсімі:
Батыс Қазақстан облысы: жылына 24,7%-ға.
Қызылорда облысы (плюс жылына 24,3%).
Ұлытау облысы (плюс 23,7%).
Ең аз өсім Алматы облысында тіркелген: 10%.
Мақалада сүт өнімдері қаншалықты қымбаттағаны көрсетілген:
сүт – 20%;
сүт консервілері – 26,4%;
сүзбе – 11,8%;
қатты ірімшік – 10,7%;
ашытылған сүт өнімдері – 15,7%.
Ашытылған сүт өнімдерінің ішінде:
айран 17,5%-ға;
қаймақ – 16,6%-ға;
йогурт – 9,8%-ға қымбаттаған.