Skip to content

СҰЛУШАШТЫҢ ӘН КЕШІ

      Атакент кентінде Сұлушаш Байытованың ән кеші өтті. Мақтааралд ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған рухани шарада қазақ композиторларының әндері халық әндері орындалды. Іс-шара– ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүріміз бен ғұрыптық әндерімізді жас ұрпаққа насихаттау мақсатында өтті, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Қайран менің жүрегім» Осындай атаумен өткен іс-шарада  әншінің тыңдармандары, өнерсүйер аудан тұрғындары, ауданның құрметті азаматтары қатысып мәдениет үйінің залы көрерменге лық толды. Сахна сөрінде әсем әуенмен көрермен қауымға қуаныш сыйлаған Сұлушаш Байытова қазақ композиторларының әндерін жанды дауыста шырқап жиналған қауымды тәнті етті.

Мұғалім мамандығымен қатар мәдениет саласын қатар алып 15 жылғы жуық ән айтып жүрген Сұлушаш Байытованың кешінде күйші, композитор Бөрі Иса арнайы келді. Шәмші Қалдаяқов атындағы өнер мектебінен құралған, көркемдік жетекшісі Сұлтан Сапарқұловтың  «Әлқисса» ұлт аспаптар орхестрінің сүйемелдеуімен өткен сазды кеш ауқымды өтті.

ҮСЕН ПИЛАЛОВ; МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Бүгінгі өтіп жатқан кеш Байытова Сұлушаш екеуіміз Қыз Жібек операсында мен Шегенің ол Жібектің партиЯсын орындаған өте бір керемет әнші. Бүгін елдің халықтың алдында есепті шығармашылығы өтіп жатыр Ол өнер саласында опера әншісі, эстрада әншісі, халық әндерін керемт орындайтын жандардың бірі.

Бұл игілікті іс шара қазақтың халық әндеріндегі рухани құндылықтардын  жас ұрпақтың бойына сіңіруге бағытталған. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *