Skip to content

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ОМАН СҰЛТАНЫНА ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

      Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Оман Сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Бүгінде Оман – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруін тілеймін, –  делінген құттықтау жеделхатта.

Президент Оман Сұлтанының аса жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас Оман халқына құт-береке тіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *