Skip to content

ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА 20 БІЛІМ ГРАНТЫ МЕН АРНАЙЫ ШӘКІРТАҚЫЛАР БЕРІЛДІ

      Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі аяқталды. Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 198 оқушы өзара үздікті анықтады. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агентігі хабарлайды.

«Президенттік олимпиада – бұл еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға көмектесетін және олардың әлеуетін іске асыруға қолдау көрсететін бірегей жоба. Олимпиаданың басты идеясы – патриоттық рухты, мықты, интеллектуалды, жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу, жаратылыстану-математика ғылымдарын тереңдетіп оқыту. Олимпиада өткізілген 16 жыл ішінде 2500-ге жуық оқушыға өмірлік ұстаным, бағыт-бағдар айқындап берді. Сайыстың көптеген жеңімпаздары мен жүлдегерлері университеттерде оқуын аяқтағаннан кейін еліміздің әртүрлі салаларында еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қосып жүр» – деді “Дарын” РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Олимпиада қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I дәрежелі дипломдары және алтын медальдарымен, 15 жүлдегер II дәрежелі дипломдары мен күміс медальдарымен және 27 қатысушы III дәрежелі дипломдары және қола медальдарымен марапатталды.
20 жеңімпазға оқуға білім беру гранттары табысталды:
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті – 10, «Тұран» университеті – 3, Alikhan Bokeikhan University – 5, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті – 2.

Сонымен қатар, академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері аталған оқу орнына түскен жағдайда арнайы шәкіртақы тағайындайтынын хабарлады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *