Skip to content

ҚЫЗЫЛША ЖҰҚТЫРҒАН 30 БАЛАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР – ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ

         Жағдайы ауыр балалардың бәрі министрліктің бақылауында. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды, деп хабарлады Sanur.kz тілшісі.  

Қазіргі таңда елімізде қызылшамен ауырған науқастар үшін инфекциялық ауруханаларда 3,5 мыңнан аса төсек орын ашылған. Стационарлық емделуге 2375 бала жатқызылды, төсек орны 60 пайызға жетті. Резервте 1093 орын бар.  Емдеуге жатқызу Жамбыл облысында – 92%, Алматы қаласында – 88%, Түркістан облысында – 81%, Шымкент қаласында – 79%, жоғары екені байқалады, – деді министр үкімет отырысында.

Ведомство басшысының айтуынша, 30 бала реанимация бөлімінде жатыр.

Олардың жағдайы ауыр. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі – 15 бала бар. Өлім-жітім жоқ. Жағдайы ауыр балалардың бәрі министрліктің бақылауында, – деді Ажар Ғиният.

Бұған дейін министр Қазақстанда қызылшаны жұқтырудың 17 мыңнан аса дерегі тіркелгенін айтқан еді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *