Skip to content

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АРМЕНИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ НИКОЛ ПАНИНЯНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

       Әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара байланыстарды нығайтуға белсенді саяси диалог және екі мемлекеттің үкіметтері мен парламенттері деңгейіндегі ықпалдастық септігін тигізетінін айтты. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та қарқынды дамып келеді. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша әуе рейстерінің іске қосылуын оң бағалады. Соның нәтижесінде бизнес-байланыстар мен туристік сапарлар айтарлықтай жандана түсті.

Тараптар перспективті бағыттардағы, соның ішінде көлік, логистика және сауда салаларындағы қарым-қатынастарды одан әрі арттыру мәселесін талқылады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Армения Республикасына ресми сапарын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *