Skip to content

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА АЛТЫ МЕДАЛЬ ҰТЫП АЛДЫ

       Бангкок қаласында жасөспірімдер арасындағы 20-шы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO-2023) өз мәресіне жетті. Қазақстан құрама командасының барлық алты мүшесі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sanur.kz Оқу-ағарту министрлігінің сайтына сілтеме жасап

Олимпиадаға әлемнің 54 елінен 311 оқушы қатысты. 

Олимпиада үш турдан тұрды: тестілеу, теориялық және эксперименттік. Әр турда физика, химия және биология пәндері бойынша тапсырмалар ұсынылды.

20-шы жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасының қола медаль иегерлері:

Батыр Ержанұлы, Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы;

Альтаир Аканов, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 9 сынып оқушысы;

Дария Бектұрсын, Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы;

Данияр Базарбай, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;

Илияс Қазымбек, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 8 сынып оқушысы;

Иван Рудик, Павлодар қаласындағы Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшілері: 

Самат Максутов – PhD доктор, SDU University доценті;

Аскар Мажикенов – Назарбаев Университет магистранты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *