Түркістан қаласында жүзу спортынан Түркістан облысының 5 жыл толуына орай және қаланың Құрметті азаматты Ерқанат Тәңірбергеновты еске алуға арналған жүзуден жасөспірімдер арасында IV республикалық турнир өтті, деп хабарлайды Sanur.kz.
11-14 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өткен сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 10 команда, 200-ге жуық спортшы қатысты.
Жарысқа қатысушы командалар Қызылорда облысы, Шымкент қаласы, Сарығаш, Созақ, Сайрам аудандарынан, Кентау, Леңгір, Шаян және Түркістан қалаларынан жиналды.
Атаулы жарыстың ашылу салтанатына Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық мәслихат депутаттары Ардақ Мансұров, Данияр Мұсабеков, Жандос Арыстанов, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қалтаев, Айтмахаметәлі Бердашев қатысты.
Жарыс нәтижесі бойынша 50 метрге еркін жүзу техникасы бойынша жүзуден ұлдар арасында 1-орынды Мұрат Бақдаулет иеленді. 2-орынды Мэлс Жандаулет алса, 3-орынды Жарқынбек Алихан қанжығасына байлады. Жүзуден қыздар арасында 1-орынға Аделя Ақылбекқызы ие болса, 2-орынды Балауса Рахматулла иеленді. 3-орын Райхан Еркінге бұйырды.