Skip to content

ЕЛІМІЗДЕ 9 АЙДА ІШКІ ТУРИСТЕР САНЫ 5,4 МЛН АДАМДЫ ҚҰРАДЫ

         Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sanur.kz.

Биыл елімізде ішкі туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 552 мың адамға көбейген. Ал шет елден келетін туристер 225 мыңға артып, 835 мыңға жеткен.

2019 жылдан бастап ТОП 10 басым туристік аумақты дамыту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілді. Соңғы уақытта ішкі демалысқа сұраныстың артуын ескере отырып, олардың саны 20-ға дейін жеткізіліп, әр аймақты қамтыды. 80 бағыт бойынша халықаралық әуе қатынасы қалпына келтірілді. 74 ел үшін визасыз режим жаңартылды, бұл көрсеткішті 100 елге жеткізу көзделген. Биыл 288 миллиардқа 115 жоба жүзеге асырылуда, олар 1,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруда, — деді министр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *