Skip to content

БИЫЛ ЕЛІМІЗ ҚАНДАЙ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАРҒА ҚАТЫСАДЫ

        Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

Наурыз айының 2-12 аралығында Түркияның Эрзурум қаласында XХ қысқы Сурдлимпиада ойындары өтеді. Ол жарысқа 3 спорт түрінен 30 жуық спортшы қатысады. Сонымен қатар  25 маусым мен 7 шілде аралығында Саха Республикасында сегізінші жазғы «Азия балалары» ойындары өтеді.

Биылғы ең басты дода – 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Францияның Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиада. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 аса спортшы 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазіргі уақытта спорттың 8 түрінен 17 жолдама бар. Маусым айына дейін спортшыларымыз 90 жуық іріктеу, лицензиялық және рейтингтік жарыстарға қатысып, жолдамалар жеңіп алады деген ойдамыз, – деді Айгүл Бектенова.

Сонымен қатар 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Францияда жазғы Паралимпиада ойындары өтеді. Қазіргі уақытта 5 жолдама бар. Бұдан бөлек, биыл Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Иранның Тегеран қаласында Азия-Тынық мұхиты ойындары, Қазақстанда 6 әлем чемпионаты және 7 Азия чемпионаты өтеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *