Созақ ауданында ел демографиясына үлес қосып отырған ақ жаулықты 26 анаға құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ҚР Президентінің Жарлығымен «Күміс алқа» алған көпбалалы аналарды қабылдады, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.
Шарада Шолаққорған ауылдық округінен 5 анаға «Күміс алқа» табыс етілді. Ал аудан аумағындағы қалған ауылдық округтерден «Алтын алқа» иеленген 6 анаға және «Күміс алқа» иеленген 15 анаға ауылдық округ әкімдері табыстайтын болады.
Жалпы бүгінгі таңда Созақ ауданында 829 «Алтын алқа», 1 204 «Күміс алқа» иелері бар.