Skip to content

СОЗАҚТЫҢ ӘЛЕУЕТІН ЖАҚСАРТА ТҮСУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСАДЫ

       Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Созақ ауданында мәжіліс өткізді. Жергілікті активпен кездесіп, ауданды дамыту бағытындағы жұмыстарды саралап, алдағы міндеттерді айқындады. Барлық сала бойынша көрсеткіштерді зерделеп, кемшіліктерді де ашып айтты. Аудан әкіміне, басқарма басшыларына жұмысты ширату жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
Созақ ауданының әлеуеті өте жоғары. Өңірдегі ең өзіндік кірісі мол аудан. Біздің мақсат – даму деңгейін бұдан да биікке көтеру. Әсіресе, өндірісті дамыту, кәсіпорындар ашу аса маңызды. Созақ ауданының индустриалды аймағында бірнеше жылдан бері жаңа жобалар іске аспай жатыр. Индустриалды аймақтың инфрақұрылымын толық реттеп, жұмысты жандандырыңыздар, – деген облыс әкімі жұмыссыздықпен күресті күшейту, инвестиция тарту, ауданның даму жоспарын жасау, бекітілген индикаторларды толық орындау жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
 
Мәжілісте аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауданында атқарылған жұмыстарды баяндады. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, ауданның экономикасы туралы ой қозғады.
 
Облыс әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов ауданды зерделеу жұмыстарының нәтижесін жариялады. Бірқатар мәселе мен кемшілікке тоқталды.
 
Жиында ауданның кірісін, салық түсімін молайту, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыстарды ширата түсу, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, көгалдандыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру, көрсеткіштерді жақсарту жөнінде тапсырмалар беріліп, хаттамаға енгізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *