Skip to content

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРАЛДЫ ҚҰТҚАРУ ҚОРЫ АТҚАРУШЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ АСХАТ ОРАЗБАЙДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

        Кездесу барысында Президентке Қордың қызметі мен оның алдағы жылдары, яғни Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезінде атқаратын міндеттері жөнінде мәлімет берілді. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері арасындағы өзара ықпалдастықты күшейту қажет екенін атап өтті. Соның ішінде Орталық Азиядағы су-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану, Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарын есептейтін, мониторинг жүргізетін, басқаратын және өзара бөлетін бірыңғай автоматтандырылған жүйені енгізу үшін ынтымақтастықтың өңірлік тетіктерін құру мәселелеріне баса назар аудару керек екенін айтты. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *