Skip to content

АУДАНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫМЕН 6 БІЛІМ ОШАҒЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ

       Бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында құрылысы жүргізіліп жатқан білім беру нысандарын аралап, жұмыстардың барысымен танысты. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №963 қаулысымен білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» жобасымен Жетісай ауданында 6 нысанның құрылысы жүргізіледі.
 
Нақтырақ айтар болсақ, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Асықата кентінен 900 орындық және Ынтымақ ауылдық округінің Ақниет елді мекенінен 600 орындық мектептердің құрылысы өткен жылы басталса, биылғы жылы Жетісай қаласынан 900 орындық және Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Қызылтаң елді мекенінен 600 орындық, Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм елді мекенінен 600 орындық білім ошақтарының құрылысы басталып, 2025 жылы қолданысқа тапсырылады деп күтілуде.
 
Пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталатын мектептерде оқушылардың сапалы білім алуларына, жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалмақ.
 
2023 жылдың өзінде Түркістан облысында жалпы мемлекет есебінен құрылысы басталған 33 мектептің 20-сы пайдалануға берілсе, 13 мектеп биыл жылы тапсырылатын болады. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары облыста 49 мың оқушыға шақталған 63 мектептің құрылысы жүргізіліп, 2025-жылға дейін өңірде 96 білім ошағы бой көтеретін болады. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *