Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов бекітілген жұмыс кестесі аясында Асықата кентіндегі «Тәуелсіздік» және А.Әлімбетов атындағы саябақтарда болды. Демалыс парктерінің бүгінгі жай-күйін көзбен көріп, алдағы атқарылар жұмыстардың барысымен танысты, деп хабарлайды Sanur.kz.
Аумағы 5 гектарды құрайтын «Тәуелсіздік» саябағы 2018 жылдан бастап аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын инспекциясы бөлімінің «Жетісай қызмет» КММ теңгеріміне берілген. Аудан әкімінің тікелей тапсырмасымен аталмыш саябаққа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 147 млн теңгеге сметалық құжаттма жасақталып, қаржы бөлдіру үшін салалық басқармаға ұсынылған. Қаржы қаралған жағдайда саябақ аумағы абаттандырылып, жаяу жүргінші жолдары жасалады, қоршау орнатылып, қураған ағаштардың орнына жаңа көшеттер егілетін болады.
Сонымен қатар, аудан әкімі ҰОС ардагері А.Әлімбетов атындағы демалыс саябағында да болды. 2021 – 2022 жылдары ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген саябақтың аумағы 5 гектарды құрайды.
Қос саябақта да жауапты «Жетісай қызмет» КММ қызметкерлері тарапынан қураған ағаштарды кесу, тазалау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.