Skip to content

ЕЛІМІЗДЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАЙ САЛАЛАРДА КӨБІРЕК ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

        Республикада түрлі салаларда 4 370 715 әйел жұмыс істейді, бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48,3% құрайды, деп хабарлайды Sanur.kz.

Ұлттық статистика бюросысының мәліметінше, егер 3,4 млн әйел жалданып жұмыс істесе, 940 мың әйел – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Салалар бөлінісінде әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында жұмыс істейді – барлық жұмыспен қамтылған әйелдердің 20%, көтерме және бөлшек саудада – 19,6%, ауыл шаруашылығында – 9,7%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9,6%, өнеркәсіпте жұмыс істейтін әйелдердің 7,8% еңбектенеді.

Әйелдердің ең аз саны ақпарат және байланыс саласында тіркеліп отыр, барлық жұмыспен қамтылған қыз-келіншектердің 1,6%.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *