Сайрам ауданында аудан әкімі А.Сәбитовтің тапсырмасына сәйкес, аудандағы барлық мектептің жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында арнайы кездесулер өткізу үшін арнайы 8 жұмысшы топ құрылған болатын. Аталған жұмысшы топ өкілдері бүгін кестеге сәйкес, жастармен кездесті. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мақсат – тәлім-тәрбиеге байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жастарды жат қылықтардан аулақ болуға үндеу, патриоттық сана сезімін нығайту. Сондай-ақ жастарды салт-дәстүрімізді сақтап, әдет-ғұрпымызды қадірлеуге шақыру және ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымызды білуге шақыру.
Осы мақсатта құрылған топ құрамына аудандағы зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, аудандық мәслихат депутаттары, белсенді жастар, ауылдың беделді азаматтары, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қызметкерлері тартылған. Алдағы уақытта жұмысшы топ өкілдерінің қатысуымен кездесулер жалғасын табады.