Skip to content

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕГІ ӨСІМ 4,1% БОЛДЫ

       Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Sanur.kz.

Алқа отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ведомствоның өткен жылғы жұмысының нәтижелерін айтты. ӨҚМ басшысының мәліметінше, өнеркәсіп саласында өсім 4,3% болды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4,1% – ға өсті. Өсім барлық дерлік секторда тіркелген.

Машина жасаудағы нақты көлем индексі (НКИ) 125,4%, қара металлургияда ― 101,0%, химия өнеркәсібінде ― 100,2%, жеңіл өнеркәсіпте ― 112,2%, құрылыс материалдары өндірісінде ― 106,1%.

Қанат Шарлапаевтың айтуынша, 2023 жылы министрлік өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету тетігін әзірлеген. Норма Парламент Мәжілісімен мақұлданған және Сенатта қаралуда.

Сондай-ақ, өткен жылы арнайы экономикалық аймақтар аумағында кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары реформаланды. “Инвестициялар неғұрлым көп болса ― жеңілдіктер соғұрлым көп болады” қағидаты бойынша АЭА қатысушылары үшін жеңілдіктер берудің сараланған тәсілі енгізілді, инвестициялық міндеттемелерді орындағаннан кейін жер учаскесін сатып алу құқығы, сондай-ақ АЭА аумағында жеңілдіктер қолданбай әлеуетті жобаларды (басым салалардан тыс) орналастыру құқығы қолданылады.

2023 жылы машина жасау саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары қабылданды. Кешенді жоспарды толыққанды іске асыру есебінен машина жасау саласының жалпы қосылған құнының 4,5 есе өсуі қамтамасыз етіледі. Сирек және сирек жер металдарын дамыту бағыты шеңберінде Еуропалық Одақпен, АҚШ-пен, Ұлыбританиямен және Кореямен ынтымақтастық орнатылды. Саланы дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары қабылданды, – деді Қанат Шарлапаев.

Министр өткен жылдың соңында болат өндіретін ірі жүйе құраушы кәсіпорын кәсіпорынды кешенді жаңғыртуға инвестицияларды жүзеге асыру шарттарында жаңа отандық инвесторға басқармаға берілгенін еске салды. Бұдан басқа, ішкі нарықты қанықтыру және елішілік құнды дамыту саясаты шеңберінде 2023 жылы отандық тауар өндірушілермен 179 ұзақ мерзімді шарттар мен оффтейк-келісімшарттар жасалды.

Жалпы, өткен жылы 1,7 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 11,1%. 928,2 млрд теңгеден астам сомаға 170 инвестициялық жоба іске қосылды, 12,2 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін 17 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 1,3 трлн теңге сомасына 180 жобаны енгізу жоспарлануда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *