Skip to content

АМАЛ МЕРЕКЕСІНДЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

          Бүгін Түркістан облысында Әз – Наурыздың бастауы – Амал мерекесі аталып өтуде. Осы орайда Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев ауданның дамуына еңбек сіңірген бірқатар ардагердің шаңырақтарына барып, мерекемен құттықтады. Ізгі лебіздерін жеткізіп, сый-құрмет көрсетті. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Олардың қатарында биыл жүз жасқа толған Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратұлы, 95 жасқа жақындаған теміржол және құрылыс саласының еңбек ардагері Айжанбек Кембіл, облыстың құрметті азаматы, еңбек ардагері Қойшыбай Әріпбаев және ардагер ұстаз Әбдіхайым Ысқақ қариялар бар.
 
Әз-Наурыз қарсаңында қарттармен көріскен аудан әкімі өскелең ұрпаққа еңбектенудің үлгісін көрсете білген оларға мықты денсаулық, амандық тіледі. Ақсақалдар сый-құрмет көрсетіп келген азаматтарға ізеттілік танытып, домбырамен ән шырқап, ақ баталарын жаудырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *