Skip to content

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛАДЫ

       Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Алпамыс батыр ауылдық округінің Ақжол ауылында мектеп тапшылығы шешіледі. Ол үшін ауылдағы қараусыз қалған ғимаратты жөндеп, С.Қожанов атындағы жалпы орта білім мектебінің теңгеріміне беру бойынша шешім қабылданғанды. Аталған құрылыс нысанында болған Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев мердігер мен тапсырыс беруші мекеме өкілдеріне нысанды сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
– Осы ғимаратқа бастапқыда құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарлағанда мектеп теңгеріміне өткізуді ойластырдық. Себебі бала санының өсуіне байланысты алдағы уақытта ауылда мектеп тапшылығын болдырмау болып табылады, – деді аудан басшысы.
 
Аудан әкімі ғимарат аумағынын көгалдандыру және сыртқы қасбетіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Нысан құрылысы 2022 жылы басталған. Жергілікті бюджет есебінен жүзеге асып жатқан ғимаратты мамыр айында қолданысқа беру жоспарланған. Құрылыс алаңында 20-ға жуық жергілікті тұрғын еңбек етуде.
 
Келес ауданында соңғы 5 жылда орта білім беру саласында оқитындар саны едәуір өсіп, 35 мыңнан астам оқушыны құрады. Бұл өз кезегінде оқушы санының артуы нәтижесінде қосымша білім нысандарын салуды талап етеді. Осы ретте өңір инфрақұрылымының қарқынды дамып жатқандығын есепке ала отырып, мектептерге түсетін жүктемені төмендету тұрғысында жұмыс жүргізуде. Өткен 5 жыл ішінде жалпы аудан көлемінде 6 мектептің құрылысы жүріп, пайдалануға берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *