Skip to content

АУДАНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

       Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Наурыз мерекесін он күн бойы атап өту туралы Жарлығы аясында бүгін өзге өңірлерден көктемі ерте келетін Жетісай ауданында «Наурыз – салт-дәстүрдің жаңғыруы» іс-шара жоспарына сәйкес жалпы аудандық сенбілік болып өтті. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
«Наурыз – тазалық айнасы» тақырыбымен қала, кент, ауылдық округтерде жүргізілген тазалық жұмыстарына тұрғындар мен мемлекеттік, квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысып, белгіленген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
 
Әсіресе, ауданның, елді мекендердің кіре беріс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жұмыстарына 16 техника мен 1200-ге жуық тұрғын қатысып, 70 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды. Саябақтар мен скверлерге, көше бойларына, әлеуметтік нысандардың аумағына демеушілер есебінен 9300 дана түрлі ағаш көшеттері егілді.
 
Аудан басшысының тапсырмасы аясында үздіксіз жүргізіліп жатқан сенбілік жұмыстары тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға өз ықпалын тигізері анық.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *